30 Шiлде 2019
207

Республикалық «Мектепке жол» акциясы өтуде

Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында республика бойынша 11 жыл қатарынан 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы өткізілді.

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындау бойынша көмекке мұқтаж балаларды барынша оқумен қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дəстүрлі басталуынан бір ай бұрын, шілде айынан басталып, 30 қыркүйекте аяқталады.

 

Акцияның негізгі мақсаты - аз қамтылған, көп балалы жəне тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде жəне əлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу бойынша əлеуметтік қолдау көрсетуге.

 

Акцияның он бір жыл ішінде 178 359 бала 935 млн. 260 мың теңгеге материалдық көмек алса, 2018 жылы ірі компаниялар мен акционерлік қоғамдардың, бизнес- қоғамдастықтардың, мемлекеттік органдардың, кəсіпкерлердің, демеушілер мен меценаттардың көмегінің арқасында аз қамтылған, көп балалы отбасылардан 11 127 бала жалпы сомасы 62 млн. 288 мың теңгеге материалдық жəне қаржылық көмек алды.

 

Биылғы жылы дəстүрлі акция (12-ші) «Мектепке жол» акциясы «Жүректен жүрекке!» ұранымен өткізіледі.

 

«Мектепке жол» республикалық акцияны ұйымдастыруда жəне өткізуде бас əріптестік «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасы мен оның аумақтық бөлімшелері жəне «Менің атамекенім» қоғамдық бірлестігі болып табылады.

 

Білім басқармасы облысымыздың барлық азаматтарын балаларды мектепке дайындауға көмек қолын созып, аталған іс-шараға бір кісідей ат салысуға шақырады!

 

Акцияға өз үлесіңізді қосу арқылы бүлдіршіндердің жүзіне қуаныш сыйлаңыз!

Байланыс телефоны: 8(7112) 242623