31 Шiлде 2019
285

БҚО прокуратурасы азаматтардың өтініштерін қарауды талқылады

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасында 2019 жылдың 6 айында сотқа дейінгі тергептексеру кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалау саласындағы өтініштерді қарау мəселесі бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Мемлекет басшысы 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында басым міндеттердің бірі - азаматтардың өтініштеріне сапалы жауаптар дайындауды жəне заңның үстемдігін қамтамасыз етуде мемлекеттік органдар мен халықтың өзара іс-қимылын атап өтті.

 

Алқа отырысында облыс прокуроры Жандос Өмірəлиев құқық қорғау органдарына түскен өтініштердің 43%-ға (2018 жылы 1176-дан 2054-ке дейін) өсуіне назар аударды.

 

Өтініштердің негізгі үлесі полиция департаментіне (1 833) жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке (195) тиесілі.

 

Өткен мерзімде прокуратура органдарына барлығы 3506 өтініш келіп түсті. Өтініштердің көпшілігі тергеу мерзімдерін сақтау, қылмыстық істерді тоқтату, сотқа дейінгі іс жүргізу мерзімдерін үзу, қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаттарын негізсіз қабылдамау мəселелеріне қатысты.

 

Мысалы, Д. есімді азаматтың аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы көптеген шағымдары полиция органдарымен бірнеше рет қанағаттандырусыз қалдырылып, іс мүлдем тоқтатылған.

 

Тек прокуратура араласқаннан кейін ғана қылмыстық іс сотқа жолданды.

 

П. есімді азаматтың денсаулығына ауыр зиян келтіру жəне оны ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс жыл бойы өзінің шешімін тапқан жоқ.

 

Іс ауырлығы орташа дене жарақатын келтіру фактісі бойынша тергелді.

 

Прокуратураның нұсқауы бойынша Бөрлі ауданының полиция бөлімімен қылмыстық құқық бұзушылық ауыр қылмыс бойынша сараланып, іс сотқа жолданды, кінəлі адам сотталды.

 

Процеске қатысушылардың шағымдарына жол бермеу жəне тергеудің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында прокурорлар ҚПК-нің 193-бабының тəртібінде тергеушілерге 193 жазбаша нұсқау берген.

 

Сонымен қатар қылмыстық процеске қатысушылардың прокуратураға жолдаған шағымдарының əрбір төртіншісі тергеу органдарының қабылдаған шешімдерінің хабарланбауы жəне тергеу нəтижелерінің сапасына қатысты екендігі аталды.

 

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша облыс прокуроры қойылған міндеттерді тиімді іске асыру, құқық қорғау органдарының жұмысы сапасының басты индикаторы ретінде халықтың сенімін арттыру жəне кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауды нұсқады.