01 Тамыз 2019
246

Облыс әкімінің төрағалығымен  "Батыс су арнасы" АҚ жұмысы бойынша жиын өтті.

Айта кету керек, 2016 жылы "Батыс су арнасы" АҚ "Қазақстандық коммуналдық жүйелері" жеке меншік компаниясының басқаруына берілген болатын (компанияның бас директоры Нәби Айтжанов).

 

 

Жиынға В.К.Мұқатаев, В.Т.Дорошенко шақырыпып, олар "Батыс су арнасындағы" қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру мен перспективалық даму жобалары бойынша өз ұсыныстарын берді.

 

Жиында басқарушы компанияның 2019 жылғы 09 шілдедегі хаттамалық тапсырмаларды орындау жөніндегі ақпараты тыңдалды. Атап айтқанда, Орал қаласы үшін қосымша су көздерін дайындау мақсатында жерасты су кен орындарында 6 ұңғыманың құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеу басталды.  Қарағандыдан кәріз құбырлардан тұнбаларды алатын арнайы машина келеді, бұл апатты жағдайлар кезінде жұмысты жеңілдетпек. Сонымен қатар, бюджет қаражаты есебінен кәріз құбырларды ауыстыру  жұмыстары жүргізілуде.

 

Қаладағы өзекті мәселелердің бірі суды есептеу құралдары орнатылмаған тұтынушылардың шаруашылық қажеттіліктеріне (монша, бау-бақшаларды суару және т.б.) пайдаланып жатқан  таза ауыз су шығынының үлкен көлемі болып табылады. Сондай-ақ, кәріз құбырлардың жағдайына көліктерді жуу орындары мен қоғамдық тамақтану кәсіпорындарынан қалатын қалдықтық тұнбалар кері әсер етуде.  Бұл қаланы сумен қамтамасыз ету мен кәріз ағындарды тазалау үшін "Батыс су арнасы"  АҚ-ның бюджетіне айтарлықтай шығын келтіреді.

 

Осы орайда, облыс әкімі монополия субъектісінің қаражаты есебінен барлық жеке тұрғын үйлерде деректерді қашықтықтан көрсету мүмкіндігіне ие суды есептеу құралдарын орнатуды бастауды тапсырды. Оған қоса, өңір басшысы көлік жуатын орындарда суды тазарту құрылғыларын, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында май ұстағыштарды орнату бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша суды артық тұтынғаны үшін су үнемдеу тарифін енгізу мәселесі қаралатын болады. Қабылданып жатқан шаралар кәріз құбырлардың бұзылу тәуекелін төмендетпек.