05 Тамыз 2019
137

"JASTAR" футбол лигасы өз мəресіне жетті

"JASTAR" футбол лигасы биыл екінші жыл қатарынан БҚО жастар саясаты мəселелері басқармасының қолдауымен өткізілді. Басты мақсат, əрине жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жəне облысымызда күнделікті футболмен айналысатын жастардың санын арттыру.

Биыл лигаға 20 команда, 200-ден астам жастар қатысты. Оның ішінде ауыл жастары, есту-сөйлеу қабілеті нашар мүгедектер, əлем чемпиондары да бар. Алғашқы ойындар 18 мамыр күні бастау алды. Барлық ойындар орал қаласындағы "Юность" стадионында облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының қолдауымен өткізілді. Лиганың ойындарында БҚО футзал ассоциациясы бекіткен тəжірибелі төрешілер қызмет атқарды.

3 тамыз күні лиганың финалдық ойындары өтіп, жеңімпаздар анықталды. Екі айдан астам уақытқа созылған турнирде қарсылас шақ келтірмеген "Жасыл ел" командасы чемпион атанса, екінші орынды "Ақсай мешіті" командасы иеленді, үшінші орынға "УАРМ" командасы табан тіреді.