06 Тамыз 2019
97

"Қалалық электр желісі" қызметіндегі жедел кеңес

28 м/с жеткен желдің екпіні салдарынан 5 тамызда облыс орталығында  105 үзілу тіркелді.  Соның нәтижесінде 4 000 абонент электр энергиясынан ажыратылды, сондай-ақ, кәріздік сорғыш станциясында электр энергиясының болмауына байланысты Арман, Көктем, Сарытау және Зашаған ықшам аудандарындағы су беру тоқтатылды.

 

Облыс әкімі осындай төтенше жағдайларға «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның әлсіз дайындығын және электр қуатын тез қалпына келтіру үшін қажетті автогидрокөтергіштермен жабдықталуының төмендігін атап өтті.

 

Кеңес барысында аймақ басшысы тиісті қызметтерге, Орал қаласының әкімдігіне қосымша автокөліктерді тартуды және Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясымен бірлесіп, елді-мекендердегі электр беру желілерін қалпына келтіру үшін шаралар қабылдауды тапсырды.