07 Тамыз 2019
104

Оралда 2000 абонент электр қуатына қосылды

Облыс орталығында электр беру желілерін қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Коммуналдық қызметтердің күшімен 2000-нан астам абонент электр қуатына қосылды, деп хабарлады БҚО əкімдігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі.

Қазіргі таңда қала бойынша 1600-ге жуық, ал қала сыртында 400 абонент жарықсыз қалуда. Бұл ішінара – Зашаған ауданында: Балауса, Береговая, Брусиловский, Автомобилист,

 

Ет комбинаты аумағында: Винерман, Январцевская, Əбдіров, Видяшев, Иманов, Затон Чапаева; Желаев аумағында: Агрегатная, Трудовая,

 

Екінші жұмысшы аумағында: Өтемісов, Придорожная, Краснодар, Көкшетау, Мусин, Охранная, Анапская, Оразбаева;

 

Қала орталығы ауданында: Савичев, Тоқай, Рабочая, Чагано-Набережная, Нүрпейісова, Есқалиев, Сарайшық,

 

Курени аумағында: орман шаруашылығынан Ескі шіркеуге дейін, қалалық саябақ-мехзавод аумағында: Мəметова, Чагано-Набережная, Железнодорожная, Евразия, Неусыпов, 8 март, облыстық аурухана аумағында: Х.Чурин, Лермонтов, Жароков, Құрмангазы, Карев, Қараш көшелері.

 

Бұл жұмыстарға 3 оперативтік-шығу жəне 8 авариялық-қалпына келтіру бригадалары тартылды.

 

"Құрметті қала тұрғындары, дауылдан зақымдалған электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары барысында шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз" деп жазды облыстық əкімдіктің желілердегі парақшалары.