07 Тамыз 2019
124

Құрбан айт тамыз айының 11-інен бастап үш күн тойланады

Бүгін БҚО өңірлік коммуникация қызметінің ақпарат алаңында Тəжиден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов хабарлады. Оның айтуынша, əр бақуатты мұсылман отбасы құрбандық малын шала алады. Ал тұрмысы нашар болса да, сауап алғысы келген кісінің өз еркімен мал сояды.

Шариғат бойынша қой, ешкі, сиыр жəне түйе малдарын ғана құрбандыққа шалуға болады. Құрбан ретінде шалынатын қой жəне ешкі кем дегенде бір, сиыр екі, түйе бес жаста болуы керек. Алты-жеті айлық қозы бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандыққа жарайды. Түйе мен сиыр - жеті адамның құрбандығына жүреді. Бірақ ондағы шарт - жеті адамның жетеуінің де ниеті Аллаға жақындау, сауап алу мақсатында болуы тиіс.

 

Облыс бойынша Құрбан айт намазы тамыздың 11-і күні таңғы сағат 7:00-ден бастап оқылады. Айт намазынан кейін құрбандыққа мал шалу рəсімі басталады. Діни мейрам тамыздың 13-іне дейін жалғасады. Құрбан шалудың өзіндік шарттары да бар. Соған байланысты облыстық орталық мешітте "Қасапшылық - жауапты əрі сауапты іс" тақырыбында семинар өтеді. Семинарда қасапшыларға шариғат бойынша мал союдың тəртібі түсіндіріледі. Орал қаласында құрбан малдарын шалу орындары болып "Ел ырысы" базары, "Кублей" кəсіпорны жəне "Батыс Адал Ет" ЖШС базасы болып белгіленді. Осы орындардан сойылған мал еті жоқ-жітікке, мұқтаж жандарға, əлеуметтік аз қамтылған отбасыларға таратылады.

 

Қасиетті мерекеге орай тамыздың 10-ы күні қалалық Жастар стадионында ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Оған ерік білдірге əр тұрғын қатыса алады. Құрбан айт аудандарда да кеңінен мерекеленбек.

 

Исламда айт күні алындағы мейрамға дайындық сəтіАрапа күні деп аталады. Биыл Арапа күні мұсылманша зүл-хижжə айының 9-шы жұлдызына, яғни григориан күнтізбесіндетамыздың 10-ына сəйкес келіп тұр. Бұл күні ораза ұстау - зор сауап.

 

Имам Арапада қазақтардың орындайтын "шек тарату" дəстүрі жайында да айтты.

 

- Еліміздің кейбір аймақтарында қайтыс болған жақындарына арнап Ораза айты мен Құрбан айттан бұрын мал сойып,туған-туыс немесе ауыл қарияларын асқа шақырады.Бұны бізде «шек беру» дейді. Шекте қайтыс болған кісілердің аты аталып, əруақтарына құран бағышталады.

 

Өлген кісіге сауап болсын деген мақсатпен мал сойып,құрбан шалу шариғатта да бар. Бұған дəлел, Əбу Дəуідте келген бір хадисте Əзірет Али Пайғамбарымыздың да рухына арнап бөлек бір қошқарды құрбанға шалғаны айтылады[4].Сондықтан шек беріп, сауабын өлген кісіге бағыштау шариғатқа теріс емес.

 

Дегенмен, қазіргі кезде құрбан айтынан бір күн бұрын мал сойып, шек беріп, айт күні құрбан шалмайтындар да бар.

 

Шариғат бойынша, сойылған мал «уəжіп құрбандық» боп есептелуі үшін Құрбан айт намазы басталған уақыт пен айттың үшінші күнгі ақшам намазы аралығында шалынуы керек[5]. Бухари риуаят етілген хадисте: «Кімде-кім айт намазынан бұрын құрбан шалған болса, құрбаның қайта шалсын!»[6], – делінген.

 

Ендеше, Арапада шек беру мақсатында мал сойған кісі тұрмысы төмен болса,Құрбан айты келгенде қайта құрбан шалуының қажеті жоқ. Ал, бақуатты кісі айт күнінде қайта «уəжіп құрбан» шалуы тиіс. Арапа күні шек беру мақсатында сойған малы нəпіл құрбаны санатына кіреді, - дедіМейрамбек Абдрахманов.