07 Тамыз 2019
188

БҚО-да ауыл əйелдері форумы өтті

Бүгін Орал қаласында ауыл əйелдерінің облыстық форумы өтті. Шараның мақсаты - ауылаймақтағы əйелдердің əлеуетін анықтап, оларға қолдау көрсету, түрлі бағыттар бойынша дамытып, əл-ауқатының артуына жағдай жасау.

Форумның ашылу салтанатында сөз алған облыс əкімінің орынбасары Ғ. Оспанқұлов, Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ҚР Президентінің жанындағы ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.Тарасенко, «Жасыл экономика» жəне G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы С.Рақымбекова гендерлік саясаттың тиімділігі, кəсіпкер қыз-келіншектердің жеткен жетістіктері туралы айтты.

Шара барысында «Менің жетістігімнің тарихы» шеруі ұйымдастырылды. Онда «Менің жетістігімнің тарихы - 2018» шеруі аталымының лауреаты «Нұр» шаруа қожалығының жетекшісі Светлана Мəутеева ашты.

Форумда ауыл шаруашылығын өркендетуде қыз-келіншектердің рөлі, бизнес бастау жолдары, бизнес жолындағы кедергілер туралы жан-жақты сөз болды.