08 Тамыз 2019
206

Тайлақ батыр қорымы қоршалды

Сырым ауданындағы Бұлан ауылдық округінің Жамбыл ауылының іргесінде «Тайлақ батыр» қорымы бар. Құлпытастары XVIII ғасырдан бері тұрған қорымды қоршау мəселесі тұрғындар тарапынан көтеріліп келген еді.

Бұлан ауылдық əкімшілігінің ұйымдастыруымен батыр баба ұрпақтары жиналып, «асарлатып» Тайлақ батырдың қорымын қоршады.

Орал, Ақсай қалаларынан, Подстепное, Жымпиты, Бұлан, Өленті, Талдыбұлақ, Тасқұдық, Аралтөбе ауылдарынан батыр ұрпақтары, Жамбыл ауылының тұрғындары өз еріктерімен жиналып, Құран оқытып, ас беріп, Тайлақ батыр қорымының қоршалуына өз үлестерін қосты. Бұл да ұрпақтардың батыр алдындағы перзенттік борыштарының өтелгендігі болмақ.