09 Тамыз 2019
138

Табиғи сипаттағы ТЖ шығыны

Табиғи сипаттағы ТЖ шығыны, оның салдарын жою қолданыстағы заңнамалар негізінде нормативтік құқықтық актлер арқылы жүзеге асырылады. Тиісті органдармен себебі анықталады. Арнайы комиссия құрылып шығын есебі есептеледі.

 

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлармен жеке тұлғалардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиян (нұқсан) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, зардап шеккендердің ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті шекте өтеледі.

 

Табиғи сипатағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендердің шығынын өтеу тәртібі «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысы негізінде жүргізіледі. Малдың құны нарықтық бағамен есептеледі. Зардап шеккен жеке тұлғалар ТЖ орын алған күннен бастап отыз күнтізбелік мерзім ішінде жергілікті атқарушы органдарға шығынды өтеу туралы белгіленген нұсқадағы арызын ұсыну қажет. Одан әрі жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіп бойынша жұмыстанады.

 

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығына зиян келген адамдарға медииналық көмек ҚР Денсаулық сақтау заңнамаларының аясында кепілді көлем деңгейінде тегін медициналық көмек көрсетіледі.

 

Ақжайық ауданы аумағындағы электр желісінде орын алған ТЖ бойынша Табиғи өрт және жанулар салдарынан электр желісі тіректеріне зақым келіп, аудан аумағында бірқатар елді мекендер электр қуатымен қамтамасыз етілмей қалды.

 

Төтенше жағдай масштабы анықталып (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысы), Азаматтық қорғау туралы заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен төтенше жағдай жарияланады. Бүгінгі таңда құжаттар рәсімделуде.

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 890 бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен белгіленген құжаттар жинақталып ТЖ департаментіне жолданады. Құжаттар талапқа сай толық жинақталған жағдайда ТЖ департаменті тиiстi жергiлiктi атқарушы органның резервiнен ақша бөлу туралы өтінішхаттарды облыстың бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi органына қарастыруына ұсынады.

 

Егер табиғи ТЖ салдарынан мүліктерге зақым келетін болса, тек заңдастырылған мүліктердің шығыны өтеледі.

 

Автокөліктерге келген шығын сақтандыру есебінен жүргізіледі. Төтенше жағдайлардан көлік иелері алдын ала ерікті түрде сақтандыра алады. Егер көлік ТЖ сақтандырылған болса, келген шығын сақтандыру компаниясы есебінен жүргізіледі.