09 Тамыз 2019
186

Кадрлық тағайындау

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес конкурстық комиссияның шешімімен Батыс  Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына Тілепберген Ерсайұлы Каюпов тағайындалды.
Каюпов Тілепберген Ерсайұлы – 1976 жылы туған. Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «Бухгалтер-финансист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:
- Казталов ауданы бойынша салық комитетінің салық инспекторы, аға салық инспекторы, бас салық инспекторы;
- Казталов ауданының қаржы бөлімінің, экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі;
- Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының  бөлім басшысы, басқарма бастығының орынбасары;
- Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары;

2018 жылдың наурыз айынан бастап Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.