09 Тамыз 2019
156

Шыңғырлау ауданына жаңа әкім тағайындалды

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Шыңғырлау ауданының мәслихатының келісімі бойынша Шыңғырлау ауданының әкімі болып Тұрмағамбетов Ержан Рысжанұлы тағайындалды.
Тұрмағамбетов Ержан Рысжанұлы - 1981 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ново-Петровка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Ақтөбе қаласының Қазақ-орыс халықаралық университетіін «заңгер», Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық «стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандықтары бойынша бітірген.
Әр жылдары:
- Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бас маманы, жалпы бөлімінің бөлім меңгерушісі, кадрлармен және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі;
- Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы;
- Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс жасады.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінге дейін Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары болды.