09 Тамыз 2019
187

Казталов ауданына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігі және Казталов ауданының мәслихатының келісімімен ротация бойынша Казталов ауданының әкімі болып Есалиев Альберт Темірболатұлы тағайындалды.
Есалиев Альберт Темірболатұлы - 1980 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Казталов ауылында дүниеге келген. Білім жоғары, Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін «Жоғары кәсіби білімді тарих пәнінің мұғалімі», «Еуразия» Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институтының «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Зеленов ауданы Переметный орта мектебінде мұғалім болып бастаған.
Әр жылдары:
- Зеленов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы, мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру, кадрлық жұмыс, мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің меңгерушісі;
- Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс жасады.
2016 жылдың мамыр айынан бастап бүгінге дейін Шыңғырлау ауданының әкімі болды.