11 Тамыз 2019
132

БҚО-да ауыл түлектері туған жерге тарту жасады

 
Батыс Қазақстан облысында Жалпақтал ауылының азаматтары туған жерге деген құрметін іспен дәлелдеп жүр.
 
 
 
 

Соңғы жылдары мұнда жалпы сомасы 92 миллион теңгенің 16 жобасы жүзеге асқан. Биыл да мектеп бітіргендеріне 30 жыл болған түлектер құны 8 миллион теңгеге ойын алаңын салып берсе, 1982 жылғы ауыл жастары су жаңа саябақта күмбез астындағы павильон тұрғызды. Жігерлі жастардың жәрдемімен ауыл ажарын ашатын өзге де сәулет нысандары ел игілігіне тапсырылды. Бұл ізгі істер 2013 жылы бастау алса, кейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты аясында ерекше қарқын алды. 5 мыңдай тұрғыны бар алақандай ауылдағы тындырымды тірлік өзгеге өнеге боларлықтай.

 

Әлібек Сартаев, ауыл түлегі, кәсіпкер:

 

– Осы мектепте оқып, осы мектепте бітірдік. Ол уақытта алаң болған жоқ, мына жерде қақпа да болған жоқ. Тас қойып ойнайтын едік. Тастарға құлап сүрініп. Қазір сол заманымызға шүкір етіп салып беріп жатырмыз.

 

Меңдіхан Халимуллин, Жалпақтал ауылы әкімі міндетін атқарушы

 

– Бұл енді ауыл азаматтарының елге деген, жерге деген, туған еліне деген патриоттық сезімі деп түсінеміз. Біз ешкімге де бармаймыз. Ұсыныстарымен, ой-пікірлерімен, тілектерімен өздері келеді. Біз бағыт-бағдар беріп отырамыз.