12 Тамыз 2019
88

«Ашық әкімдік»: шағымдар мен өтініштердің ашық алаңы

Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов және аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшыларының қатысуымен «Ашық әкімдік» шарасы өтті.


Аудан басшысына Сайқын ауылдық округіне қарасты Мәмбет елді мекенінің тұрғындары апалы-сіңілі Дәуешовалар баспана мәселесін шешуді, сайқындық жалғызбасты ана Айнагүл Темешова жұмыс сұрап келсе, жәрмеңкелік кейуана Мүслима Ишанова баспана дауы мен ақ халаттыларға деген шағымын арқалай келді. Сайқындық Сайфеддин Қожантаев Сейтәліге елді мекені мәртебесін сұрай келіпті. Ағамыз алға тартқан мәселенің бірі – нан, жанармай бағасының жоғарылығы. Аудан басшысы тұрғындар өтінішін тыңдап, тиісті мекеме басшыларына тапсырма берді. Нан мен жанармай бағасына қатысты алдағы аптада комиссия жұмыс жасап, шаралар қолға алынатынын жеткізді. Тимур Қайырбеков облыс орталығына қатынайтын тас жолды тегістеуді сұрап, түнгі көше жарығын жай жағып, жайырақ сөндіруге өтініш айтты. Аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов ашық есік шарасына арнайы келген азаматтардың жекелеген мәселелері бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырма беріп, жеке тұлғалар сауалдарына егжейтегжейлі түсінік берді.