13 Тамыз 2019
428

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев тағайындалды.

 

 

Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев  1970 жылы дүниеге келген.

 

Білімі жоғары. Қазақ Химия-технология институтын «инженер-құрылысшы — технолог» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқарудың Ұлттық Жоғарғы Мектебiн «мемлекеттiк басқару» мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетiн «заңгер» мамандығы бойынша бiтiрген.

Әр жылдары:

  • Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша департамент басшысы - Тәртiптiк кеңес (Әдеп жөннідегі кеңес) төрағасы,
  • Шығыс Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы, «Нұр Отан» ХДП ШҚОФ төрағасының бiрiншi орынбасары,

Тағайындауға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметерін атқарды.