13 Тамыз 2019
133

Үш мектеп күрделі жөндеуден өтуде

2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 3 мектептің күрделі жөндеуіне қаржы бөлінді. Олар – Чапаев ауылындағы №1 орта мектеп, Тасқала ауылындағы С.Жақсығұлов және Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептер.

 

 

-Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары жүруде, ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады. Бұл мектептерде күрделі жөндеу аяқталғанға дейін оқу процесі осы ауылдағы білім беру мекемелерінде жүргізіледі,- деді Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Гумарова. 2019-2020 оқу жылында Орал қаласының 4 мектебі үш ауысымда оқиды (№18,20,47 және эстетикалық бағыттағы гимназия). Облыста 7 апаттық жағдайдағы мектеп бар.Мектептердің апаттылығын және үш ауысымдылықты жою мақсатында 2019 жылы республикалық бюджеттен 3 мектептің құрылысына қаржы бөлінді.