15 Тамыз 2019
91

«Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

 

 

Бүгін БҚО әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Ғали Есқалиев БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған Мұрат Мұқаевты таныстырды.

 

 

Мұрат Рахметұлы саяси кеңестің аймақтық бюросының ұсынысымен облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін Орал қаласының әкімі қызметін атқарды.

 

 

Мұқаев Мұрат Рахметұлы – 1969 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар (бухгалтерлік есеп, экономист және заңгер мамандығы). Еңбек жолын 1992 жылы аудандық деңгейде салық инспекциясының есепке алу жөніндегі инспекторы болып бастады.

 

 

1994-1997 жылдары қаржы саласында қызмет атқарды.

1997-2011 жылдары Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша кеден саласында қызмет атқарған.

 2011-2013 жылдары Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

 2013-2016 жылдары Жәнібек ауданының әкімі.

2016-2017 жылдары Теректі ауданының әкімі.

2017-2019 жылдары Орал қаласының әкімі.