15 Тамыз 2019
236

Білім гранттары иегерлері анықталды

14 тамыз күні 2019-2020 оқу жылына облыс бойынша көп балалы отбасыларынан немесе атаулы әлеуметік көмек алатын отбасыларынан шыққан балаларға республикалық бюджет есебінен жоғары білімді мамандарды даярлауға жоғары оқу орындарында арналған білім беру гранттарын беру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.

Білім беру бағдарламаларының әртүрлі топтары бойынша жоғары білімі бар мамандарды даярлау үшін атаулы әлеуметтік көмек алатын және көп балалы отбасылар үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен облысқа 100 грант бөлінді.

2019 жылы 31 шілдеде конкурс комиссиясында гранттар 3 ЖОО-ға хаттамалық түрде бөлінді: М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті – 35,  Жәңгір хан атындағы  Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті - 30, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университет -35.

Гранттарды иелену үшін 93 өтінім түсіп, конкурстық комиссия шешімімен мамандықтар бөлінісінде 65 грант иегері анықталды. 

Осыған байланысты комиссия аймақтың жоғары білімді кадрларға деген қажеттілігі шеңберінде 35 грантты ішкі қайта бөлуді жүргізді.