16 Тамыз 2019
101

«Latyn kerýeni» Теректіге келді

Теректіде «Latyn kerýeni» көшпелі семинар-тренингі өткізілді.

 

Семинар жұмысын  Тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласынан бастаған «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының кеңесшісі Оразкүл Асанғазықызы «Ұлт болудың басты негізі – тіл» деп, кесіп айтты.

         

Жер бетінде 6500 тіл бар екен. Қазақ тілі солардың ішінде таралуы, оны қолданушы халқы санынан 70 орында көрінеді. Ойдай көрінгенмен, қазақ тілі өз елімізде әлі де жүдеу күйде.            

 

Сонау Орхон-Енисей жазулары деген атаумен белгілі түркілердің руникалық жазуын қолданудан басталған қазақ тілінің әліпбиінің тарихы тым тереңде жатыр. Халқымыз ислам дінін қабылдаған соң, 900 жыл бойы  араб әліпбиін қолдандық. 1929 жылы біртұтас түркі алфавиті енгізіліп, латын әліпбиі негізінде жазу үлгісіне көштік. 1940 жылы Сталин орыс графикасына көшіргенге дейін Қазақстан аумағында жазусызу латын қаріптерімен болды. Яғни, латын әліпбиі қазақ үшін бөтен емес. 2025 жылы ел толықтай, іс-қағазынан бастап, оқулық, мерзімдік басылымдарға дейін, латын қарпіне көшеді