16 Тамыз 2019
110

Жәнібекте көші-қон саласында 185 құқықбұзушылық анықталған

Бүгін Жәнібекте аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Манарбек Қаташев 2019 жылдың қаңтар айынан тамыздың он бесіне дейін атқарған жұмысы туралы тұрғындар алдында есеп берді.

 

Басқосуды ашқан аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов аталған жиын жылына екі рет өтетінін айтты. -Есепті мерзім ішінде ауданда 72 қылмыс тіркелді. Қылмыстың 60-ы ашылды. Қылмыстың 56-сы құқықбұзушылық болса, соның ішінде 9-ы онша ауыр емес, 39-ы орташа ауыр, 4-уі ауыр және 4-уі аса ауыр. Ал 16-ы қылмыстық теріс қылық. Мал ұрлығына қатысты 6 дерек тіркелсе, оның 5-уі ашылды. Ұялы телефонға қатысты 6 істің барлығы ашылды. Жедел іздестіру нәтижесінде бір қылмыстық теріс қылық анықталып, ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігімен сотқа жолданды. Профилактикалық есепте тұратын тұлғалардың тарапынан қылмыс немесе құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында жұмыстар жүргізілді. Аталған есепте барлығы 168 тұлға бар. Қазіргі таңда аудан бойынша 82 адам көлікті басқару куәлігінен айырылды. белгіленген Түнгі уақытта заңды өкілін ертпей, үйден тыс жүрген 61 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды. Көші-қон бойынша 185 құқықбұзушылық анықталып, 709 525 теңге айыппұл өндірілді. Азаматтық және қызметтік қаруды тексеру барысында 17 құқықбұзушылық анықталып, 233562,5 теңге айыппұл салынды. Бүгінде оның - 195687,65 теңгесі өндірілді, - деді Манарбек Мақсотұлы.

Жиыннан соң аудандық полиция бөлімінің бастығы тұрғындарды жеке қабылдады.