20 Тамыз 2019
303

«Парасаттылық» жазғы мектебі өтті

2019 жылды Елбасы Н.Назарбаев Жастар жылы деп жариялады. Еліміз бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары жұмыс жасауда, түрлі акциялар, флэшмобтар, ойын-сауық іс-шаралары өтуде.

Үстіміздегі жылдың 19 тамыз күні «Евразия (лагерь)» туристік-сауықтырукешенінде«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында лагердің тәрбиеленушілері мен ұжымы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – балаларды парасаттылық, адалдық және мейірімділік негіздеріне оқыту болып табылады.

 

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасарыН.Самет,«Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Салиева және облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары З.Гумарова қатысты.

Н.Самет өз сөзінде балаларды адал, парасатты болуға және тек жақсылық, патриотизм жолымен жүруге кеңес берді. Сонымен қатар, іс-шара барысында патриоттық тақпақтар мен әндер айтылып, «Біз адалдықты таңдаймыз!» тақырыбында флэшмоб ұйымдастырылды және шара соңында естелік сурет жасалды.