21 Тамыз 2019
109

Оралда «Үздік аудармашы» анықталды

БҚО тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі аудармашылар арасында «Үздік аудармашы» атты облыстық байқауды ұйымдастырды. Шараға облыс аудандарынан және Орал қаласынан 14 адам қатысты.

 

 

Байқау ҚР-ның тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тіл және ресми тілді меңгерген үздік аудармашыларды анықтап, аударма саласында тіл мәдениетін жетілдіруді насихаттау бағытында өтті.

 

Сайыс ресми құжаттарды аудару, публицистика немесе көркем аударма, ілеспе аударма, жаңа терминдер әлемі бөлімінен тұрды.

 

Қорытындысында БҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Гүлнұр Исмағұлова І орынды жеңіп алды. Ал БҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Игілік Мырзахмет - ІІ, жоғары аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы Айнагүл Сахипова және Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Ләззат Сыикова ІІІ орынға ие болды.

 

Жүлдегерлерге сыйлық және дипломмен марапатталды