22 Тамыз 2019
243

Кадрлық тағайындау

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес конкурстық комиссияның шешімімен Батыс  Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы лауазымына Тржанова Айымгүл Мақсотқызы тағайындалды.

 

Тржанова Айымгүл Мақсотқызы – 1975 жылы туған. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін «тарих пәнінің мұғалімі» және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.  

 

 

Әр жылдары:

- Бөрлі ауданы Ақсай қалалық №4 орта мектебінің мұғалімі;

- Бөрлі ауданы ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы;

- Бөрлі ауданы туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі;

- Бөрлі ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі;

- Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің басшысы болып 11 жыл жұмыс жасады.

 

2018 жылдың қазан айынан бастап Бөрлі ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы қызметін атқарды.