24 Тамыз 2019
99

Оралда сенбілік өтті

Бүгін Оралда сенбілік өтті. Сенбілікке 503 ұйым мен мекеме жұмылды

 

 

Жастар қоғамдық бірлестіктері, коммуналдық мекеме жұмысшылары, құрылыс компаниялар, мемлекеттік қызметкерлер және қаланың пәтер иелері кооперативтерінің жұмысшылары, құрылыс компаниялары мен басқа да ұйымдар қатысты.

 

Сенбілікке «Жайық Таза қала», «Жайық Жылу Қуат», «Батыс Су Арнасы» мекемелері 24 техника шығарған. Қаладағы Есенжанов көшесінен С.Тюленинге дейін, С.Тюлениннан Шолохов көшесіне дейін Орал қаласы әкімдігінің мамандары тазалық жүргізді.

Орал-Желаев жолы бойын облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері тазалады.

 

Қаладағы барлық мекемелер мен ұйымдар өз аумақтары мен іргелес жерді қоқыстан тазартып, абаттандырды. Шығарылған қалдық көлемі – 332 текше метр.