27 Тамыз 2019
104

Облыс әкімі ҚР еңбек сіңірген дәрігері Бақтығали Ахметовты мерейтойымен құттықтады

Өңір басшысы белгілі медицина қайраткері Бақтығали Ахметовті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

 

 

 – Сіз өз кәсібіңізге адалдық – адамдарға көмек көрсетудің үлгісін көрсеттіңіз. Көптеген жылдар бойы Сіз облыстың денсаулық сақтау саласына елеулі үлес қосып келесіз, – деп атап өтті Ғали Есқалиев.

 

Облыс әкімі белгілі медицина қайраткеріне денсаулық пен амандық тіледі.

 

Бақтығали Ахметов аймақ басшысына ризашылығын білдірді. Кездесу барысында облыстың денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері талқыланып, өңірдің медициналық мекемелерін білікті кадрлармен қосымша қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.