28 Тамыз 2019
156

Облыс әкімі БҚО-ның Татуласу орталығының ашылуына қатысты

ҚР Жоғарғы соты мен  БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы арасындағы Меморандумға сәйкес Оралда Татуласу орталығы құрылды.

Елбасының медиация институтын жетілдіру жөніндегі тапсырмасын басшылыққа ала отырып, жаңа орталық дауларды сотқа дейін реттеуді дамытуға және насихаттауға бағытталады.  

 

Орталықтың негізгі міндеттері халықты татуластыру рәсімдері туралы кеңінен ақпараттандыру, дауларды соттан тыс шешу, мәдениет пен құқықтық ағартуды арттыру, билер институтын жаңғырту, татуластыру рәсімдерін сотқа дейін дамыту болып табылады.

 

Шараға қатысушыларды облыстық соттың төрағасы Бек Әметов  те құттықтап, татуластыру рәсімдері уақытты, адамдардың моральдық және материалдық ресурстарын үнемдеп, өзара қарым-қатынасты сақтап қалатынын атап өтті.

 

Орталықтың қызметі халыққа «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге негізделеді. Кез келген келуші медиаторлардың тегін қызметтерінің толық кешенін пайдалана алады.

 

Бүгінгі таңда өңірде 144 қоғамдық және 40-тан астам кәсіби медиатор жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың медиаторлары сотқа дейін 1247 медиативтік қорытынды жасады. Айта кету керек, аймақта 145 медиация кабинеті жұмыс істейді, оның ішінде Бәйтерек, Бөкейорда, Шыңғырлау, Ақжайық және Қаратөбе аудандарында жұмыс істейді.