28 Тамыз 2019
135

Биыл БҚО-да 525 мың гектарға егіс егілді

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Есенғалиевтің мәліметінше, биыл БҚО-дағы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 524,9 мың гектар алқапқа жеткен.

 

Майлы дақылдар 78,0 мың гектарға, картоп және көкөніс-бақша дақылдары 9,6 мың гектарға отырғызылған. Басқарма басшысының айтуынша, күні бүгінге 153 мың тонна дәнді дақылдар, 14 мың тонна картоп, 28 мың тонна көкөніс, 14 мың тонна бақша өнімі жиналған. Жиын-терім жұмыстары әлі де жалғасуда.