29 Тамыз 2019
38

Оралда ҚР Конституция күніне орай мерекелік концерт өтті

Бүгін ҚР Конституция күніне орай Х. Бөкеева атындағы қазақ драма театрында мерекелік шара.


– Құрметті жерлестер, сіздерді Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймын. Конституция – біздің табыстарымыздың бастауы, тұрақтылық пен татулықтың тұғыры. «Конституция мемлекетіміздің берік іргетасын қалай отырып, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Қазақстан қоғамын біріктіруге зор үлес қосты» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде атап өткен еді. Конституция – алға қойылған мақсаттарды шешудің алтын діңгегі. Сондықтан еліміздің Заңы бойынша өмір сүру және оны құрметтеу – әр азаматтың қасиетті борышы. Баршамыз еліміздің бүгіні мен болашағы үшін Ата Заңымызды құрметтеп, қорғауға тиіспіз. Әр шаңырақта ырыс пен ынтымақ орнап, ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын, – деді облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев.

 

Содан соң салтанатты шара мерекелік концертке ұласты. Мерекелік кеш шымылдығын Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі Құрманғазының «Серпер» күйімен ашты. 

 


Өңірімізге танымал Дархан Құлбабаев, Медет Оразов, Нұрлан Қожахмет, Айбар Хайырханов, Дария Бахитова, Айдана Әжіғалиева, Алтынбек Оразов, Тимур Мусин секілді өнерпаздар көрерменге дәстүрлі ән-терме шеруін сыйласа, классикалық әндерден попурри орындаған Марат Сарбөпеев пен Эльмира Усаеваның өнеріне жиналған қауым дән риза болды. Ал «Назерке» халық би ансамблі «Мереке - думан» хореографиялық композициясын сәтті орындады. Мерекелік кеш айтыскер ақын, жыршы, термеші Еркебұлан Қайназардың «Туған жер» әнімен түйінделді.