29 Тамыз 2019
131

«Бір терезе» қағидасы бойынша қолдау

Облыс әкімі инвестициялық қызметті «бір терезе» қағидасы бойынша ұйымдастыру және қолдау жөнінде кеңес өткізді.

 

 

Кеңес барысында екі күндік өңірлік семинардың қорытындысы шығарылды, оған департаменттер, ведомстволар басшылары, кәсіпкерлер палатасының және инвестицияны тарту бойынша айналысатын басқа да құрылымдардың өкілдері қатысты. «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ мамандары инвесторларға «бір терезе» қағидасы негізінде көмек көрсету кеңсесінің фронт жұмысы бойынша оқыту тренингтерін өткізді.

 

Облыс әкімі Ғали Есқалиев мұндай орталықтың ашылуы өңірдің инвестициялық әлеуетін айтарлықтай кеңейтетінін атап өтті.

 

- Өңірімізде маңызы зор оқыту тренингі өткізілді, онда инвесторлармен өзара іс-қимылдың барлық алгоритмдері егжей-тегжейлі қарастырылды. Барлық қажетті ақпарат пен қызметтерді инвестор жедел, сапалы, артық бюрократиясыз алуы тиіс. Инвесторлар қолданыстағы заңнаманың барлық нормалары, салық салу, жер учаскелері туралы, тауарлар мен қызметтердің құны, сарапшылардың болжамы, бизнесті жүргізудің өзге де мәселелері туралы барынша хабардар болуы тиіс. Сондай-ақ, сайтта әлеуетті инвестициялық жобалар, пайдалы қазбалар кен орындарының карталары және т.б. орналастырылғаны жөн. Бұл жұмысқа барлық мемлекеттік органдар қосылуы керек. Инвесторды сүйемелдеу тиісті деңгейде болуы керек, - деді облыс әкімі.

 

Облыс әкімі 2 ай ішінде әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеу үшін қажетті жағдайларды толыққанды қамтамасыз етуді тапсырды.

 

«KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев осындай орталықтар республика бойынша ашылатынын айтты.

 

- Батыс Қазақстан облысы бізді оқыту семинарын өткізу үшін арнайы шақырған болатын,-деп атап өтті Біржан Қанешев.

 

Бірнеше шетел тілін меңгерген, оқытылған қызметкерлердің штаты дайын, олар барлық қажетті жұмыстарды жүргізетін болады. Кеңсенің фронт қызметкерлері инвесторды келісім-шарттың басынан бастап жасалғанға дейін және оны іске асырғанға дейін бірге жүргізетінін болады.

 

- Жоба іске қосылғаннан кейін біз инвестормен жұмыс істеуді жалғастырамыз. Облыстың интернет порталында өңірдің барлық ресурстық мүмкіндіктері орналастырылады. Қызмет көрсететін, сондай-ақ ақпарат алмасу бойынша өңірлермен тығыз қарым-қатынас жасайтын тәулік бойы бірыңғай республикалық Call-орталық жұмыс істейді, - деп толықтырды Біржан Қанешев.

 

БҚО фронт кеңсесі «Смарт Орал» технопаркі базасында ашылады. Мұнда сондай-ақ телефон және интернет байланысы бар инвестор кабинеті қарастырылған. Онда жұмыс істеу үшін қажетті ұйымдастыру техникасы, ыңғайлы демалыс аймағы қарастырылған..