30 Тамыз 2019
133

Облыс әкімінің ҚР Конституция күнімен құттықтау сөзі

ҚҰРМЕТТІ  БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

     

Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

        

Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, «Конституция біздің бостандығымыздың негізі болды. Ол біздің жеңістеріміздің, табыстарымыздың тәуелсіздік арқылы келген барлық кешенін нығайтады».

 

Конституция тұрақтылықтың, бейбітшіліктің, келісімнің, азаматтық қоғамды дамытудың маңызды факторына айналды.

 

Қабылданған Конституцияның арқасында біз ата-бабаларымыздың сан ғасырлық үмітін ақтай отырып, заманауи мемлекет құрдық. Біздің еліміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітті.

 

Конституция ұлттық, нәсілдік, жыныстық, діни қатыстылығы белгілеріне қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді.

 

Ата Заң негізінде қазіргі заманғы мемлекеттік тетік пен құқықтық жүйе қалыптасты, экономиканың мықты іргетасы қаланды, саяси плюрализм мен сөз бостандығы, сапалы білім алу, медицина, әлеуметтік қамтамасыз ету үшін тең мүмкіндіктер қамтамасыз етіледі.

 

Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, молшылық және еліміздің игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін!

 

Құрметпен,

 

БҚО әкімі                                                                            Ғ. Есқалиев