29 Тамыз 2019
173

Оралдықтар Эльбрус шыңын бағындырмақ

-Кеше ғана қаладағы «Uralsk Runners» қозғалысының белсенділері Эльбрус шыңын бағындыру үшін жолға шықты

 

Ол үшін қаладағы демалыс саябағында арнайы спорттық шаралар ұйымдастырылды. Қаланың туын байдаркамен жүзушілер жүгірушілерге, олар велошабандоздарға табыстаса, эстфетаны байкерлер «Uralsk Runners» қозғалысының мүшелеріне берді. Бастамашыл топ өкілдері Еуропадағы биік шыңның бірі - Эльбрусқа бет алды. Құдай сәтін салса, 7 қыркүйек шыңды бағындырып, басына қаланың туын тікпек, - деді қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде.