04 Қыркүйек 2019
29

«Квант» фабрикасының өндіріс көлемі 18 пайызға өскен

Мұнда кәсіпорын басшысы Талғат Берекешов өндіріс орнының бағыт-бағдары туралы әңгімелеп, өндірілген өнім түрлерін көрсетті. «Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде жұмысын дөңгелетіп отырған облыстағы ірі кәсіпорындардың бірі. Қалайы ыдыста бұқтырылған ет, балық және көкөністің жүзден астам түрін дайындаумен айналысатын кәсіпорын ауысымына 15 мыңнан астам дайын өнімді саттыққа шығарады

Өңірде экспорттық-бағдарлық өндірістің дамуына үлкен үлес қосып отырған «Кублей» ЖШС өз өнімінің жартысын отандық нарыққа жіберсе, қалғанын Ресей, Түркменстан, Ауғанстан, Тәжікстан және Иран мемлекеттеріне экспортқа шығарады. Өндірістік цехтарды аралап, жуырда іске қосылатын тері өңдеу цехы жобасымен танысқан Үкімет басшысы бірер күнде кәсіпорыннан Иранға жөнелтілетін өнімді көріп, осындағы ирандық мамандармен тілдесті.

 

Бұдан соң Премьер-Министр корпусты жиһаз өндіретін «Квант» фабрикасына ат басын тіреді. Кәсіпорын басшысы Михаил Пшеничный Асқар Маминге жиһаз фабрикасының қазіргі қаржы-шаруашылық жағдайы туралы мәлімдеп, өндіріс ауқымын ұлғайту және дайын өнім тізбесін кеңейту жоспары жөнінде әңгімелеп берді.

 

Төрт жыл бұрын іске қосылған фабрикада үй мен кеңсеге қажетті жиһаздың жүздеген түрі дайындалады. Отандық өнім ішкі нарықты қамтумен қатар Қырғызстан, Армения, Өзбекстан, Түркіменстан мен Ресейге экспортталады. Күрделі жұмысты компьютерлендірген кәсіпорын өнім сапасын арттыру үшін барынша заманауи технологиялар енгізіп жатыр. Жобаны жүзеге асыруға кезінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетілген. Соның арқасында өндіріс аясы кеңейіп, кәсіпорынның қуаты күн санап артып келеді.

 

-Жыл басынан бері жалпы құны 2,5 млрд теңгені 38 мың өнім өндірілді. Өндіріс көлемі 18 пайызға ұлғайды. Мемлекеттің қолдауымен өткен жылы екінші жиһаз цехының құрылысы басталған болатын. Құрылыс жұмыстарын жоспарланған мерзімнен бұрын аяқтауды көздеп отырмыз. Нәтижесінде өндіріс көлемі мен өнім түрін молайтып, қосымша жүз жаңа жұмыс орнын ашу мүмкін болмақ. Асқар Ұзақбайұлы біздің фабрикаға осымен екінші мәрте келіп отыр. Жаңа цехтың құрылысын сапалы аяқтап, өндіріс қарқынын арттыруды тапсырды, - дейді Михаил Пшеничный.