04 Қыркүйек 2019
27

Асқар Мамин Орал жылу электр орталығында болды

Өңірге жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды стратегиялық нысандарды аралаған ҚР ПремьерМинистрі Асқар Мамин Орал жылу электр орталығында болды.

 

 

Үкімет басшысына өңірді жылумен, сумен және электр қуатымен жабдықтау саласындағы жұмыстардың жай-жапсарын баяндаған облыс әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев жылу қуат орталығының негізгі және қосымша құрал-жабдықтарын қайта жабдықтау және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу бағытындағы жобаларға тоқталды. «Жайықжылуқуат» АҚ-ның бас директоры Қуат Мусиннің мәлімдеуінше, биыл ағымдағы және күрдеулі жөндеу мен жаңарту жұмыстарына 560 млн. теңге бөлінген. Нақты жылу электр орталығын жаңғыртуға 369 млн. теңге қарастырылған. Қалған қаражат жылу жүйелерін жөндеуге жұмсалады. Бүгінгі таңда екі жылыту цехын жөндеу аяқтала келді. Дейтұрғанмен, кешенді жаңғырту шаралары қолға алынбайынша, мәселе толықтай шешілмейді. -Кәсіпорынның құрал-жабдығы өткен ғасырдың алпысыншы жылдары іске қосылғандықтан әбден тозған. Оны жөндеуге қомақты қаржы керек. Қазір жылу орталығын жаңғырту мақсатында қос бірдей сметалық құжат дайындалып, сараптамаға жолданды. Соның ішінде бу турбиналық станса қуатын арттыру мен суды кері өзенге құймай, екінші циклға қайта жіберу мақсатындағы жобаларды жүзеге асыруға 5,8 млрд. теңге көлемінде қаржы нақтыланды,-дейді Қуат Мусин