04 Қыркүйек 2019
26

Зашаған кентінде 198 пәтерлік қос үй салынуда

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған делегация «Болашақ-Т» ЖШС үй-құрылыс комбинатында болды.

 

«Болашақ-Т» ЖШС тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды салумен, сондай-ақ мекемелер мен ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізумен айналысады. Мекеме «Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Үй құрылысы комбинаты» жобасын жүзеге асыруда. Мекеме үйді құрастырмалымонолитті әдіспен тұрғызуда. Ғимараттарды құрастырмалы-монолитті тәсілмен салу, біріншіден, жыл мезгілі мен басқа да себептерге қарамастан, құрылыс нысандарын жедел тұрғызуға мүмкіндік береді. Өйткені кәсіпорын даярлаған құрастырмалы-монолит қаңқалар алынбайтын опалубкалар мен ригельдерден және тағы басқа да қабырғаларды ұстап тұратын материалдардан құралған. Яғни құрылыс нысанының негізгі бөлігі саналатын тұтас қабырғалар кәсіпорыннан дайын күйінде келеді. Міне, нақ осы жағдай құрылыс жұмысының жеделдігін арттырып, еңбек шығынын азайтады. Екіншіден, құрылыс материалдары жергілікті жерден өндірілетін болғандықтан, материалдық шығын аз болады. «Болашақ - Т» ЖШС директоры Асқар Қошановтың айтуынша, комбинат соңғы бес жылда жалпы аумағы 230 мың шаршы метр болатын тоғыз қабатты 20 үйді пайдалануға берген. Қазір Зашаған кентінің Саратов тас жолы бойындағы 198 пәтерлік қос үйдің құрылысын салумен айналысуда. Өз кезегінде ҚР Премьер-Министр Асқар Мамин мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша құрылыс саласының қарқынды жүріп жатқанын айтып, комбинат жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды