06 Қыркүйек 2019
285

Бөрлі ауданына жаңа әкім тағайындалды

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі және Бөрлі ауданы мәслихатының келісімімен Бөрлі ауданының әкімі болып Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы тағайындалды.

 

 

Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы - 1977 жылы дүниеге келген. Білім жоғары, Түркия Республикасы Докуз Ейлюл университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

Әр жылдары:

 

- Орал қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің жетекші маманы,

- БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім бастығы, бастығының орынбасары;

- БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті (басқарма) директорының (бастығының) орынбасары;

- БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы;

- БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарманың басшысы болып қызметтер атқарған.

 

2018 жылдың наурыз айынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.