10 Қыркүйек 2019
74

БҚО-да қызылшаға қарсы екпе жасалады

БҚО-да 16 қыркүйек күні 20-29 жастағы адамдарға қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізіліп, екпе жасалады.

 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтылды. -Биыл облыста қызылшамен ауырған 119 науқас тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлес 45,4%. Қызылша ауруына қатысты Оралда – 75, Бәйтерек ауданында – 23, Бөрлі ауданында – 7, Бөкейорда ауданында – 6, Сырым мен Теректі ауданында – 4 жағдай тіркелген. Науқастың көбі 20 жастан асқан, қарсы екпе алмаған тұрғындар (44,4%). «Сақтансаң, сақтармын» деген 16 қыркүйек күні 20-29 жастағы тұрғындарға қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізіледі. Иммундауды арнайы оқытылған, профилактикалық егу жүргізуге рұқсаты бар медициналық қызметкер жүргізеді. Облыс бойынша қосымша иммундаудан өтуі тиіс 20-29 жас аралығындағы 64 700 адам бар,- деді БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ринат Құбатаев. Айта кетсек, қосымша иммундау жүргізу үшін облыстағы денсаулық сақтау мекемелерінде 241 стационарлық егу пункті жұмыс істейді. 119 егу бригадасы дайындалған. 118 елді мекенге қызмет көрсететін 130 көшпелі бригада да бар. Қосымша иммунизацияны өткізуге іс-шараларды жедел жоспарлау және үйлестіру үшін облыстық жұмыс тобы құрылған.