11 Қыркүйек 2019
166

БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы интернет-конференция өткізеді

20 қыркүйек сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО-дағы департаментінде интернет-конференция өтеді.

Интернет-конференция «Facebook» әлеуметтік желісінің «Anticorruption ZKO» парақшасында өткізіледі. (https://www.facebook.com/events/2160470197585855/).

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі келесі негізгі бағыттарды жүзеге асырады: -қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; -сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын туғызатын жағдайлар мен қатерлерді анықтау және зерттеу; -құқықбұзушылықтарды анықтау, алдын-алу, ашу және тергеу.

 

Келесі жобалар жүзеге асырылуда:

 

«AQJAIYQ – ADALDYQ ALANY» азаматтарға қолайлы жағдай жасау және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою;

 

-«PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» - кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау және бизнеске заңсыз араласу фактілерінің алдын алу;

 

-«SANALY URPAQ», «ADAL URPAQ» - білім саласында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік пен парасаттылық атмосферасын қалыптастыру және тағы басқа. Көпшіліктің сұрағына департамент басшысы Рустам Сапарбекұлы Ақмырзаев жауап береді.