13 Қыркүйек 2019
226

«Бирлик» шағын бағы бой көтермек

Бүгін Орал қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бирлик» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің шағын бағы ресми ашылды. Оған облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы қатысып, шағын бақтың болашақта мәдени-тынығу бағына айналатынын жеткізді.

Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. 130-дан астам ұлт бейбіт өмір сүруде. Бұл өлкеде әжірбайжан ұлтының өкілдері де тұрады. Бұл шағын бақтың ашылуы әзірбайжандықтар үшін зор абырой. Өйткені ежелден келе жатқан Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы сыйластықтың құрметіне достық бұрышы ашылып отыр. Енді әзірбайжандық жақсы сәулетшілердің көмегімен ұлттық құндылықтарымызды көрсете бұл бақты көркейтеміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Қазақстандағы ең таза, жасыл қала ол – Орал. Сондықтан қала көркейіп, жайнай берсін,- деді  Әзірбайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Мамедов.

Зашаған кентіне қарасты Әзірбайжан көшесінде орналасқан бұл мекен болашақта аталмыш аудан тұрғындарының тынығатын гүлзар бағына айналмақ.

Гүлсезім Бияшева

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов