10 Тамыз 2019
74

Бүгінгі сенбілікте 206 текше метр қоқыс шығарылды (СУРЕТ)

5 тамыз күнгі қатты дауыл кезінде сынып, шашылған ағаш бұталарын жинау үшін Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен бүгін сенбілік өтті.

Сенбілікке 150 мемлекеттік қызметкер мен 100 жасылелдік студент қатысты. Олардың жинаған бұтақтары мен қоқыстарын «Жайық таза қала» және жеке мекемелердің 12 жүк көлігі тасымалдады. Қатар жатқан Н.Назарбаев даңғылы мен Құрманғазы көшесінің аралығындағы Чапаев, Тоқай, Савичев, Дәулеткерей, Карев, Фрунзе, Досмұхамедов көшелері тазаланды. Аталған аумақтан 206 текше метр қоқыс шығарылды.

Нұрлыбек Нұрланұлы,

Суретке түсірген Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz