18 Тамыз 2019
81

Оралда велошеру өтті

Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында "Цифрлық ханымдар велосипедте" атты велошеру өтті

 

Шараны Жастар жылы аясында ҚазИИТУ ғылыми-білім кешені ұйымдастырды. Осымен екінші жыл өткен шараның ашылуында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Әліби Баяхов пен Москва университетінің ректоры Михаил Романчук сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал бұл шараға қатысушылардың басым көпшілігі қыз-келіншектер болды. Нәтижесінде олар "Велосипед аруы - 2019", "Ең жас леди", "Ең креативті велосипед", "Ең шапшаң шабандоз" секілді басқа да бірнеше аталым бойынша марапатталып, тұрмысқа қажетті сыйлықтарға ие болды.

 

Айта кету керек, ең жас велошабандоз №47 мектептің оқушысы 6 жасар Аяулым Қуанышева болса, ең жасы үлкені 73 жастағы оралдық бұрынғы велошабандоз Святослав Выдарин болды