13 Қыркүйек 2019
164

Оралда цифрландыру және инвестиция бойынша "Digital InWest" форумы өтті

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мемлекеттік органдардың жұмысына сандық технологияларды табысты енгізуде. Мемлекеттік қызметтер автоматтандырылады, мысалы «жер учаскесін таңдау актісін келісу», «эскиздік жобаны келісуден өткізу», интернет арқылы жер аукциондары және т. б. өткізіледі.. «Битрикс24» платформасында әкімдіктің барлық жобалары бойынша жобалық кеңсе жұмыс істейді, жыл соңына дейін геоақпараттық жүйе және «112» қызметі (шұғыл қызметтерге арналған Бірыңғай диспетчерлік қызмет) жұмысын бастайды.

Әкімдік сондай-ақ «109» жедел қызметі үшін бағдарлама жазған жергілікті ІТ компанияларының бастамаларын қолдайды, көрсеткіштерді қашықтықтан түсіретін есептегіштерді шығаруда және енгізуде, бала бақшаларға кезектерді және балалардың бірінші сыныпқа түсуін автоматтандыруда, медициналық ақпараттық жүйені енгізуде, виртуалды туристік турлар мен т. б. әзірленуде. Форумның қазақстандық және шетелдік қатысушылары үшін облыс әкімі Ғали Есқалиев цифрландыру бойынша бірқатар перспективалық жобаларды ұсынды.

 

2019-2020 жылдары Орал қаласында бейнебақылау, көше жарығын, коммуналдық қызметтерді есептеу құралдарын, көрсеткіштерді қашықтықтан жинау, АӨК саласындағы жобалар, ақылы автотұрақтар және т. б. орнату жоспарлануда. «Smart Aqsai» жобасы да жеке көрсетілді. Сондай-ақ, облыс әкімі жүзеге асыру үшін болашағы бар басқа да инвестициялық жобалар туралы айтты. Бұл мелиорацияны дамыту, жемшөп өндірісі, мал терісін өңдеу, көтерме-бөлшек және логистикалық орталықтар, сүтті қайта өңдеу, жылыжай кешендері, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, индустриялық аймақ, цемент өндіру, жол бойындағы сервис объектілері, жеке мектептер мен жатақханалар құрылысы және т. б.

 

Форум қорытындысы бойынша бірқатар компаниялар аймақ басшысына Батыс Қазақстан облысына инвестициялауға дайын екендігі туралы хабарлады. Атап айтқанда, австриялық «ZOR-Fish» ЖШС компаниясы қуаты жылына 1 600 тонна тұйық сумен жабдықтау қондырғыларында мұхит балығын өсіру жобасын іске асыру үшін жер учаскесін бөлуге өтінім жасады. «ЦУРС» және «Билайн» компаниялары қалалық басқару саласында Big Data негізінде жобаларды ұсынды. Форум аясында шыны, полиэтилен құбырлары, трансформаторлар, кабель өнімдері, сусындар, ірімшік өнімдері және т. б. сияқты экспортқа бағытталған тауарлардың көрмесі өтті. Цифрландыру бойынша тәжірибемен және өз ұсыныстарымен өкілетті Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Р. Маммадов, Қазақстан-Герман аграрлық-саяси диалогының басшылары Й. Динкелакер, «КАС Консалтинг» И.Сулименко, CEO Isratech А.Коломинский, Латвия Республикасының сыртқы экономикалық өкілдігі В.Самойленко, «ЦУРС» ЖШС В. Пустовойтенко, «Global Information Systems» ЖШС С.Шишкин, «Казахтелеком» АҚ С. Имбаев, «Вавиот Азия» М. Әуезов бөлісті.

 

Форум жұмысы төрт секцияда жалғасты: Smart City дамыту, ТКШ және өнеркәсіпті цифрландыру (Индустрия 4.0), инновациялық экожүйені дамыту және АӨК цифрландыру. Әрбір секция шеңберінде отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері сөз сөйледі, B2B кездесулер өткізілді.