16 Қыркүйек 2019
267

Ғали Есқалиев Корея Республикасының инвесторларымен кездесті

14 қыркүйек күні облыс әкімі Ғали Есқалиев LEADERS HOLDINGS компаниясы консорциумының корей делегациясымен кездесті.

Корей тарапының сапарының мақсаты-технологиялар трансферті және мұнай сервистік индустрияға бірлесіп дамыту және инвестициялау мақсатында әлеуетті серіктестерді іздеу. Ғали Есқалиев Батыс Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері мен шетелдік инвесторлар үшін жасалатын шарттар туралы айтып берді.

 

- Келесі жылы ауданы 300 га индустриялық аймақ үшін инфрақұрылым жүргізу басталады. Бұған қоса, аймақ аумағын 1 мың га жеткізу мүмкіндігі бар, -деді өңір басшысы.

 

Облыс әкімі сондай-ақ өңірдің тиімді географиялық орналасуын атап өтті.

 

-Біз Батыс Қазақстан аймағын жұмыс орындарын құру және серіктестік үшін жергілікті компанияларды тарту арқылы өндірістік база мен қуаттардың орналасқан жері ретінде қарастырамыз, – деп атап өтті Leaders Holdings консорциумының бас менеджері Lee Sungjoa.

 

Инвесторлар жобаларды іске асыру кезінде пайдалану үшін жергілікті зауыттар мен алаңдардың өндірістік қуатын қарастыруға дайын. Инвесторлар тарапы мұнай сервисі, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласында қазақстандық-корей кластерінің жобасын жүзеге асыруға ниетті екенін атап өтті. Кездесу соңында консорциумның корей делегациясы облыс әкіміне қонақжайлығы және Батыс Қазақстан кәсіпорындарымен ынтымақтастыққа қызығушылық танытқаны үшін алғыстарын жеткізді.