01 Қыркүйек 2019
42

Күміс қоңырау соғылды

1 қыркүйек – білім күні өңіріміздің  барлық мектептерінде күміс қоңырау сыңғырлап, оқушыларға есігін айқара ашты.

 

Биылғы жаңа оқу жылын Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектебінің ұжымы №37 орта мектебінің қабырғасында қарсы алды. Апатты жағдайдағы мектептің бірі болып танылған ғимараттың орнына жаңа мектеп бой көтергенше, олар осы мектепте оқитын болады. Салтанатты шараға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев мектеп ұжымын  құттықтап, әр бала мен ата-ананы жылы сезімге бөлейтін жаңа оқу жылы сәттіліктерге толы болғай деген тілек айтты.

 

Дарынды  балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектебі 473 оқушымен жаңа оқу жылын бастамақ. Өткен оқу жылында мектеп бітірген 18 түлектің 7-еуі еліміздің жоғары оқу орындарында грант иегері атанса, 2-еуі Ресейдегі оқу орындарында бюджеттік білім алуда. Өзге 9 түлек те ақылы жоғары оқу орындарының студенті атанған. Соның бірі Канадада  білімін жалғастыруда екен. Жаңа оқу жылы жаңа бастамалар мен шығармашылық ізденіске толы болғай деген мектеп директоры Анаргүл Қаржауова білім сапасына ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

 

Би билеп, ән салған мектеп оқушыларын сыңғырлай соғылған қоңырау әр оқушыны өз сыныбына шақырды. Бұл күні қала әкімі Абат Шыныбеков қаламыздағы №37 орта мектептегі салтанатты шараға қатысып, мектепті аралап, сыныптан тыс  үйірме жұмыстарының барысымен танысты.

 

 

ошағы 1196 оқушымен жаңа оқу жылын бастады. Оның ішінде 143 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап, 1 сыныпқа қадам басты. Өткен оқу жылында мектеп бітірген 42 түлектің 17-сі грант иегерлері атанған.

 

 

Биылғы жаңа оқу жылының ерекшелігі – 2019 жыл - жастар жылы, ТМД елдерінде кітап жылы, 2020 жылы -  Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы және волонтерлар жылы болып жарияланды. Бұл атаулы күндерге мектеп оқушылары мен ұстаздары да белсене қатысып, өз үлестерін қоспақ.