26 Тамыз 2019
32

Жалпы білім беру мен кәсіптік пәндерге арналған 108 оқу бағдарламасы әзірленді

Бұл туралы Оралда өткен педагогикалық колледждердің жаңа стратегиясын енгізу бойынша республикадағы алғашқы жобаның таныстырылмында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова баянданды.

 

-Мектепке жоғары білімді маман керек. Назарбаев зияткерлік мектептері үшін осы колледжде тәжірибе жүргізу жөніндегі БҚО әкімдігінің ұсынысы қызық болды. Осы жоба аясында біз білім беру бағдарламаларының жиынтығын жасадық. Оған жалпы білім беру және кәсіптік пәндерге арналған 108 оқу бағдарламасы әзірленді. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған 90 бағдарлама даярланды. «Kazdidac» компаниясы студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту үшін оқу бөлмесінің жобасын жасаған ойластырды. «Ұлттық аударма» қоғамдық қорының арқасында бастауыш сынып мұғалімінің кітапханасы қазақ тіліндегі кітаптармен толықты. Жыл соңына дейін орталық қызметкерлері, педагогикалық шеберлік және педагогикалық колледж оқытушыларына арналған бірқатар оқыту семинарын өткізеді, - деді Күләш Ноғатайқызы.