18 Қыркүйек 2019
95

Оралдағы мектептерде «электронды асхана» жобасы енгізіледі

Орал қаласындағы 50 мектептің 10-ында алдағы аптадан бастап «электронды асхана» жобасы енгізілмек.

 

 

Яғни балалар тамақ алғанда қолма-қол ақшамен емес, төлем картасымен есептесетін болады. Ол үшін арнайы терминалдар орнатылған. Осы терминал арқылы оқушылар тағам мәзіріне таңдау жасап, өздері қалаған асқа тапсырыс бере алады. Ал ата-аналар балаларын мобильдік қосымша арқылы қадағалай алады. Оқушылардың сабаққа келмегені немесе тамақ ішпеген күндері де есептеліп, бюджет қаржысы үнемделмек. Ата-ананың күнделікті жұмсалатын ақша мөлшеріне  немесе белгілі бір өнім түрлеріне шектеу қоюына да мүмкіндігі бар.

Нәзира Қабдолова, 9-сынып оқушысы: - Келе жатқанда балалар ақшасын жоғалтып алуы мүмкін, немесе басқа да тәттілер сатып алуы мүмкін. Ал біздің мектептегі терминал оған ақша төлемейді, яғни карточкамен жұмыс жасайды. Сонымен қатар ата-аналар өз балаларының немен тамақтанып жүргенін білуге болады. Осы тараптан өте ыңғайлы деп ойлаймын. Мәулен Ділмағамбетов, №4 орта мектеп директоры: - Цифрландыру бағытындағы пилоттық жоба біздің мектепте басталғалы отыр. Сол енді тиімді жақтарының бірі жариялылық, ашықтық. Баланың күнделікті келген кездегі тамағын ішкен-ішпегенін ата-ана біліп отырады. Келмей қалған жағдайда айқын көрінеді ішкен-ішпегенін, оның бәрі актімен шегеріледі.