19 Қыркүйек 2019
266

Өңір басшысы ҚР Шекара қызметінің директорымен кездесті

Облыс әкімі Ғали Есқалиев ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры Дархан Ділмановпен кездесті.

Кездесу барысында Шекара қызметінің басшылығы шекара корабльдері мен катерлерін дайындауда «Зенит» Орал зауытын қолдау білдіретінін жеткізді. Сонымен қатар, жүк тасымалын артуы үшін «Сырым» өткізу бекетінде инспекциялық-тексеру кешені орнату және Казталов ауданына қарасты «Фомин» өткізу бекетін кеңейту мәселелері талқыланды.

 

Бұл тиісті жұмыстар облыс әкімдігімен бірлесіп өткізіледі.