19 Қыркүйек 2019
28

Келесі жылы Қазталов ауданында газбен қамтылған тұрғындардың үлесі 91 пайызға жетеді

Қазір аталған аудан тұрғындарының газбен қамту көрсеткіші 77,5 % немесе 23 758 адам. Қазталов ауданының әкімі Альберт Есалиевтің айтуынша, 13 елді мекенге газ тарту жұмыстары жүргізілуде. 

 

 

- Биыл 9 елді мекенге, келесі жылы қалған 4 елді мекенге газ тарту жұмыстарын аяқтап, газбен қамтылған тұрғындардың үлесін 91 пайызға жеткізетін боламыз. Алдағы уақытта 4 бағыт бойынша 16 елді мекенді газбен қамту жұмыстарын жүргізу үшін жобалықсметалық құжаттары жасақталды. Сонымен қатар 50-ден астам әлеуметтік нысанды көгілдір отынмен қамту үшін жобалық сметалық құжаттар жасақталады. Аталған жұмыстар жүзеге асқанда аудан тұрғындарының 100 пайызы көгілдір отынмен қамтылады,- деді аудан әкімі.