25 Қыркүйек 2019
246

Облыс әкімдігінде жаңа тағайындау

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев актив отырысында өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.

 

 

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Егізбаев Серік Рахметоллаұлы тағайындалды.

 

Серік Рахметоллаұлы Егізбаев – 1963 жылы туған, білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «агроном», Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандықтары және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

 

Әр жылдары:

- БҚО әкімі аппараты бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары,

- ҚР Қаржы министрлігі департамент бөлімінің бастығы,

-ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы,

-ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы,  бөлім меңгерушісінің орынбасары,

-ҚР ауыл шаруашылығының вице-министрі.

 

Күні бүгінге дейін «Qazaqstan» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

 

Ол ішкі саясат, білім, жастар саясаты, мәдениет, дін істері, тілдерді дамыту салаларына жетекшілік ететін болады.