25 Қыркүйек 2019
238

Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары аудан тұрғындарымен кездесті

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев Қазталов ауданына барды.

 

Мұрат Рахметұлы «Nur Otan» партиясы Қазталов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Альберт Есалиев бастаған партияның бастауыш ұйым төрағалары және мүшелерімен кездесті. Кездесу еркін де ашық формартта өтті. Мұрат Мұқаев «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам - Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты пария жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы туралы айтып, осы бағдарламаның жеті серпіні туралы кеңінен әңгімелеп берді. Әсіресе, Мұрат Рахметұлы елімізде «Nur Otan» партиясының беделін арттыру, партия қатарын тазарту және әлеуметтік желілерде ашық жұмыс жасауға шақырды.

 

Кездесуге қатысқандар өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтарын қойды. Бұдан кейін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Апатты деп танылған Алма Оразбаева мектебіне барған Мұрат Рахметұлы мектептің жертөлесіне түсіп, бар жағдайды өз көзімен көрді. - «Nur Otan» партиясының бағдарламасында 3 ауысымды, апатты мектептердің мәселесін шешу жолдары қарастырылған. Алма Оразбаева мектебінің бүгінгі жағдайы қиын екен. Болашақта партия осы мәселені өз назарынан тастамай, жаңа мектеп салу жолдарын қарастырады,- деді облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.